Антисептик таратты
"Біз біргеміз" акциясы елдің түкпір-түкпірінде жалғасып жатыр. Облыстық жол сапасын бақылау орталығы да игіліктен тыс қалмады. Жол төсеп-жөндейтіндерге арнап өздері әзірлеген антисептик таратты. Карантинге қарамай еңбек етіп жатқан жұмысшылардың саулығы өте маңызды.
Зертханада жұмыс қызу. Жігіттер санитарлық шашпаны дайындауды бір апта бұрын бастаған. Күніне 4-5 сағаттың ішінде 20 қорап осындай препарат жасайды.
Жол сапасын бақылайтын мамандар үшін тазалыққа арналған ертіндіні дайындау түк те қиынға соқпаған. Өйткені жақсылық ойлаған адамның ісі де ізгі.
ӘЛІБЕК ӨМІРЗАҚ, ОРТАЛЫҚ ЛАБОРАНТЫ
- Біз ВОЗ стандартына сай дайындаймыз. Оған спирт, су, глицерин, перекес көміртегі құрамына кіреді. Соларды қосамыз. Сол норма бойынша араластырып, антисептиктер дайндаймыз.
Далада жүріп жұмыс істеу оңай емес. Шып-шып аққан маңдайдың терін қолмен сүртетіні белгілі. Ал тазалық қашаннан саулық кепілі. Жол салушылар үшін бұл антисептиктер керек-ақ. Дегендей бола кетті.
ТАЛҒАТ БИЖАНОВ, ОРТАЛЫҚ ИНЖЕНЕРІ
- Осындай қиыншылық заманда бірігіп, ұйымдасып, халқымызға осындай көмек жасайық. Бұл жағдай уақытша кезеңғой өтеді де кетеді. Шамалы сабырлық сақтайық.
Машақаты мен сауабы көп мамандық иелері жылдың төрт мезгілінде де жұмыста жүреді. Шаруаны тоқтатуға карантин кедергі емес. Жол салынып-төселіп жатыр. Сапасы да бақылауда. Орталық мамандары игілік істі одан әрі жалғастырып, антисептиктерді қала тұрғындарына таратпақ.
Дереккөзі: Aqtobe.tv