BINOM мектебі оқушыларына арналған Ашық есік күні
BINOM мектебі оқушыларына арналған Ашық есік күніОсы жылдың 21 қазанында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК BINOM мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді. Орталық қызметкерлері сынақ зертханасында асфальтбетон қоспаларының, қиындылардың, битумдардың және басқа да жол құрылыс материалдарының сапасы қалай тексерілетінін көрсетті.
Ашық есік күні ЖАҰСО және BINOM мектебі арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - балаларға жолдың жай-күйі қалай анықталатынын көрнекі түрде көрсету және болашақ мамандардың кәсіби бағдарлануына ықпал ету. Мүмкін олардың біреуі автожол мамандығын таңдайтын болар.
Балалар Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында өткен танымдық экскурсиядан жағымды әсерлер мен эмоциялар алды.