«ЖАҰСО институционалдық қолдау» жобасын іске асыру барысы туралы
Бүгін жол активтері ұлттық сапа орталығында Азия даму банкінің өкілдерімен, сондай-ақ «Жол активтері ұлттық сапа орталығын институционалдық қолдау» жобасын іске асыру жөніндегі халықаралық және Ұлттық консультанттармен сарапшыларымен кездесу өтті. Кеңеске Ұлттық сапа орталығы РМК Бас директоры Замир Сагинов, жобалау тобының жетекшісі Самуэль Маккарди және команданың басқа да өкілдері қатысты.Кездесуде осы жобада көзделген негізгі мәселелер, оның ішінде 2+1 типті автомобиль жолдарын жобалау мен салуды қолдану, BIM-технология жүйесін енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ автомобиль жолдарының өмірлік циклін бағалау талқыланды.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша сарапшылардың жұмысына баға беріліп, жобаны одан әрі ілгерілету бойынша тиісті ұсыныстар ұсынылды.