Суперпейв әдістемесін енгізу
Бүгінгі таңда жолдардың сапасын жақсарту және олардың жөндеу аралық уақытын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Еуропаның көптеген елдерінде және Америка Құрама Штаттарында 20 жылдан астам сәтті қолданылып келе жатқан Суперпейв көлемді жобалау әдісін зерттеп, осы технологияны енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.Суперпейв әдістемесі әлемдегі ең озық әдістердің бірі болып табылады. Ол Маршалл әдісіне негізделген, бірақ асфальтбетон қоспасын тығыздау үшін мүлдем басқа принципті қолданады. Бұл зертханада жол төсемінің пайдалану сипаттамаларын модельдеуге мүмкіндік береді. Жүйе сондай-ақ пайдаланудың берілген шарттарын ескере отырып, байланыстырғыштар мен асфальтбетонның қасиеттерін бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи сынақ әдістерінің жиынтығын қамтиды.
Суперпейв әдістемесі климат пен көлік жүктемелеріне байланысты нақты пайдалану жағдайлары үшін берілген техникалық сипаттамалары бар асфальтбетон қоспасын таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қалдық деформацияның себептерін (жолтабанның пайда болуы) және жарықтардың әртүрлі түрлерін алдын-ала жоюға мүмкіндік береді.
Суперпейв жүйесін қолдану бойынша табысты әлемдік тәжірибені байқадық және оны енгізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманың жоқтығын ескере отырып, ҚР ИИДМ тапсырмасы бойынша Жол активтері ұлттық сапа орталығы осы технологияны зерделеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта қажетті заманауи зертханалық құрал-жабдықтар сатып алынуда және Санкт-Петербург мемлекеттік қазынашылық «Көлік құрылысы дирекциясы» мекемесімен жасалған ынтымақтастық келісімі бойынша соңғы заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу үшін қызметкерлеріміз тәжірибеден өтуде.
Суперпейв әдістемесін енгізу асфальтбетон жабынының қызмет ету мерзімін 30%-ға дейін ұзартып, жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға кететін шығынды азайтады.