Жаңа технологияларды енгізу - бұл белгілі бір немесе басқа бір учаскедегі жолдар сапасын жақсарту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін қолданылатын ғылыми әзірлемелер мен шешімдердің жиынтығы. Бұл қалаларда да, аймақтарда да атқарылатын жұмыстар кешенінен тұрады.
Жаңа технологиялар жолдың сапасын жақсартуға, оның жағдайын бақылауға, өзгерістерді көруге, трафик ағынын басқаруға, сонымен қатар талдау жасауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, Орталық ҚР СТ, ГОСТ-тің, әзірлеуші ұсынған әдістердің, өзіндік әдістердің және т.б. сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жасайды. Сонымен қатар уәкілетті органмен келісілген пилоттық учаскелерде жаңа материалдар мен технологияларды сынауға қатысады. Бұл жердегі маңызды жайт - жаңа материалдар мен технологияларды қолданудың тиімділігі туралы қорытынды жасай отырып, сынақ учаскелерін бақылау және талдау.
Орталық жаңа материалдарды және (немесе) технологияларды пайдалану бойынша әзірленген ұсыныстарды келіседі және келісуге ұсынады, содан кейін уәкілетті органның бекітуіне жібереді. Сондай-ақ, өзін-өзі тексеру есебінде ұсынылған сынақ зертханасының қызметі туралы ақпаратты талдайды және Кәсіпорынның қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды.